«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 города Макинск отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Тілдер мерекесі құтты болсын

15.09.2020

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Бұған дейін (1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап)  22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған. Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Жалпыхалықтық атаулы датаны туғанына 147 жыл толған Ахаңның мерейтойына орайластыруында үлкен мән бар. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. 

Просмотров: 296


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

    

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст