«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 города Макинск отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

2021 жылғы ұйым қызметінің есебін жария талқылау

2021 жылғы ұйым қызметінің есебін жария талқылау

"Ақмола облысы Білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Макинск қаласының №2 жалпы орта  білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сіздің назарыңызға 1 наурыздан бастап ресми интернет-ресурста мектептің 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебін жария талқылау өткізілетінін жеткізеді  

2021 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп.

          1. Жалпы ережелер

          1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Макинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы Макинск қаласы, Скуридина 62А  көшесі.

          2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

 "Ақмола облысы Білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Макинск қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020 - 2021 жылғы қаңтардағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі жұмыс туралы есебіне.

          "Ақмола облысы Білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Макинск қаласының №2жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021 - 2022 жылдары 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 0, электрондық үкімет порталы арқылы 1, тікелей мемлекеттік органда 5.

 - Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау -60

- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау-8

- "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау".- 260

- Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-4

- Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау -50

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау - 4

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 12

          3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

          "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";

                    "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну";

          2. Қызмет алушылармен жұмыс: 

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

          Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған http://sc0005.bulandy.aqmoedu.kz/"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Макинск қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі "КММ-де ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

          2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

                    3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

           2021 жылы 12 кездесу өткізілді , халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

          3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет. 

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

          Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

                  

                    4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

                    1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

                    2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

          2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

                              Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

         Мектеп директоры:          Хамзин М.И

 

Жаңартылған күні: 10.03.2022 12:38
Құрылған күні: 10.03.2022 12:44

СоцСети

    

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст