Текст
16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі. Бұл – азаттық таңын аңсаған азаматтар мен қыршын кеткен жастардың ерлігін еске алатын күн. Тәуелсіздік күні әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке. Биыл Тәуелсіздік күні «ұлттық мереке» мәртебесінен айырылды. Бұдан былай ол мемлекеттік мереке саналады. Заң бойынша бұған дейін Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсан күні тойланатын.