Текст
Мектебімізде оқушылар мәселесін ортаға салу барысында психологиялық клуб ашылды.Клубтың ашылуына ортаңғы және жоғары сынып оқушылары қатысты.Клубта балалар өзара қарым–қатынас жасап, өз мәселелерін ортаға салып, әңгімелесуі үшін ғана емес, басқа адамды тыңдай білуге, оған қол ұшын созуды үйренуге бағыттау жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар бала өзін алаңдатқан мәселесін ойталқыға салып, еркін байланыс орнатып, өзінің жалғыз емес екенін сезінуде клубтың орны ерекше болмақ. Мектеп психологі Альжапарова Гульнара Улановна басқаратын клубтың ашылу салтанаты өтіп, клуб мүшелерінің қүрамы нақтыланды, жұмыс жоспарымен таныстырылды.
Клубтың жұмысына сәттілік тілейміз!