"Макинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ -де жас мамандармен Бүгінгі жас маман -ертеңгі шебер ұстаз: "оқу мен оқытудағы тиімді тәсілдер" тақырыбымен коучинг-сесия өткізілді.Мақсаты: Сабақ үдерісінде белсенді оқу стратегиялары бойынша тәжірбие алмасу.Өткізген педагог-зерттеуші,тәжірбиелі ұстаз Тлегенова Г.Т.
Коучинг барысында жас мамандарға оқу үдерісі барысында жеке,топпен,жұппен жұмыс жүргізу әдістері көрсетіліп,сабаққа мақсат қоюдың өзектілігі айтылды.Тәжірбиелі ұстаз әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану -сабақ мақсатына жетудің бірден-бір жолы екендігін айтып,өз тәжірбиесімен бөлісті.Коучинг барысында жас мамандар тұлға бойындағы жақсы қасиеттерді тану,нық қадам жасау жолдарын таба білді.Коучинг соңында жас мамандар алған әсерлерімен бөлісті.