Мамандардың сөзінше, қосымша оқу аптасын қосу күніне өтетін сабақ санын азайтуға, яғни оқушының күнделікті оқу жүктемесін азайтады. Одан бөлек, оқу жылын ұзарту күрделі тақырыптарды зерттеудің қарқындылығын төмендетеді. Сондай-ақ, жазғы демалыс ұзақтығын қысқарту білім алушылардың білімін жоғалту тәуекелін және мектеп аудиториялық қорына жүктемені төмендетеді.
"Еліміз оқу жылындағы аптасы ең аз елміз - 34 оқу аптасы бар. Дегенмен әлем бойынша каникул ең ұзақ елдердің біріміз - жылына 130 күн. Салыстырмалы түрде Израильде каникул 84 күн, Оңтүстік Кореяда - 90 күн, Жапонияда - 102 күн. Зерттеулерге сәйкес, балалар ұзақ демалғаннан кейін оқыған материалдың 25 пайызын ұмытып қалады. Сондықтан қазақстандық мектептердегі оқу жылын 38 аптаға созуды ұсындық - оқу жылын 15 тамыздан бастап 5 маусымда аяқтау. Немесе бұрынғыдай қыркүйектен бастап, 20 маусымға дейін созу", - дейді Binom School басқарушы директоры Арайлым Мағзұмова.