«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 города Макинск отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

«Тірек мектебі – шағын жинақты мектеп» моделі еліміздің барлық өңірінде енгізіледі

03.12.2024

«Тірек мектебі – шағын жинақты мектеп» моделі еліміздің барлық өңірінде енгізіледі

✔️ Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінің сапасын арттыру бойыныша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесімен бөлісті. Әсіресе, Ақтөбе облысында жүзеге асырылған «Тірек мектебі – шағын жинақты мектеп» моделі тиімділігін көрсетті.

📁 Жоба нәтижесі 2023 жылмен салыстырғанда шағын жинақты ауыл мектептеріндегі білім сапасы орта есеппен 7 пайызға артқанын көрсетті. Облыста цифрлық білім беру экожүйесі қалыптасып, сапалы интернетке қол жеткізу мәселелері шешілді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі оны еліміздің барлық өңірлерінде кеңейтуді ұсынып отыр.

«Жоба аясында Ақтөбе облысында жүргізілген кешенді жұмыстар шағын жинақты мектептердегі білім сапасының артуына ықпал етті. Оқу-ағарту министрлігі ұлттық үйлестіруші ретінде ауыл мектептерінің даму стратегиясын әзірледі. Енді әкімдіктер стратегия негізінде жобаны масштабтау жұмыстарын  кезең кезеңімен іске асыруды қамтамасыз етуі қажет», - деп қорытындылады министр.
 
📍 Айта кету керек, биылғы жылы жобаға Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 10 тірек және 30 шағын жинақты мектеп тартылуда. 2025 жылдың қаңтарынан бастап жобаға 17 өңірдің 192 тірек және 759 шағын жинақты мектебі қатысады. Ал үшінші кезеңде осы жобаға қалған шағын жинақты мектептердің барлығы толығымен қамтылуы тиіс.

Просмотров: 341


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

    

Instagram

Ұйымдар тізімі
Текст