Текст
«Бүгінде төтенше жағдай бүкіл елде тоқтатылуда. Алайда кейбір аймақтарда жұқтыру қаупі сақталады. Эпидемия толығымен жойылмаған. Пандемия әлі де денсаулыққа қауіп төндіреді. Сондықтан, әр аймақтағы жағдай жақсарған сайын карантиндік шектеулер біртіндеп алынып тасталады» - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.